Америкада үскірік аяз жүріп, көптен күткен футбол матчы кейінге қалдырылды

КОНКАКАФ чемпиондар кубогы аясында американдық "Интер Майами" және "Канзас-Сити" футбол клубтарының кездесуі қарлы боранға байланысты бір күнге кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, ойынның бір күнге кейінге шегерілуіне Лионель Мессидің -12℃-тан төмен температурада және ызғырық желде ойнағысы келмеуі себеп болған.
"Интер Майами" клубы матчты ауыстыру туралы шешім тек бір мақсатпен ойластырылғанын мәлімдеді ол – ойыншылар мен жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.
Сондай-ақ, соңғы шешім қабылдаушы тараппен және жергілікті билікпен келісілгені атап өтілді.
Бұған дейін Қазақстан жолдастық кездесуде КХДР құрамасына жол бергендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript