Қытайда алтын құймалармен безендірілген дүкен ашылды

Қытайда алтын құймалармен безендірілген дүкен ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 10:41 Сурет: loewe
18 ақпанда Шанхайда қасбетінде алтын керамикалық плиткалары бар дүкен ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Loewe сән брендінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, CASA LOEWE Shanghai қасбетін қаптау үшін 35 536 дана алтын керамикалық плитка қолданылған. Олар Барселонадан арнайы әкелінген.

"Шығыс Испания тауларынан алынған материалдар қазір Шанхайдың орталығын жарықтандыратын жарқыраған алтын көрініске айналды", – делінген сән брендінің ақпаратында.

Сурет: loewe

Шанхайдағы жаңа бутик әлеуметтік желі қолданушыларының таңданысын тудырды.

"Эрмитажға бәсекелес пайда болған сияқты", – деп жазды пікірлерде.

Бұған дейін Тасмания аралында 90-ға жуық косатка жағаға шығып қалғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: