Шешенстанда Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған бортсеріктер марапатталады

Шешенстанда Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған бортсеріктер марапатталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2025 13:03 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2024 жылдың желтоқсанында Баку-Грозный рейсін орындау кезінде ұшақ апатынан аман қалған Azerbaijan Airlines AZAL ұшағының экипаж мүшелері "Шешен Республикасына сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапатталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы ел басшысы Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.

"Ерекше батылдық пен жоғары кәсібилік танытқан бортсеріктер Зульфугар Асадов пен Айдана Рагимли "Шешен Республикасына сіңірген еңбегі үшін" наградасына ұсынылды", — деді Қадыров.

Өңір басшысы сондай-ақ Грозныйда ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алу үшін мемориалдық тақта орнатылатынын атап өтті.

Қадыров қайғылы оқиға құрбандарының туыстарына, сондай-ақ Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: