Каспий теңізіндегі трагедия: аман қалған үш сарбаз "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды
Сурет: gov.kz
Маңғыстау облысында оқу-жаттығу жиынында орын алған трагедия кезінде аман қалған үш сарбаз "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды:
- Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
- Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
- Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).
Бұған дейін әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript