Спутник әлемде бір уақытта болған тайфундардың рекордық санын тіркеді

АҚШ-тың Ұлттық Мұхиттық және атмосфералық әкімшілігіне тиесілі NOAA-20 аппараты тайфундардың рекордтық санын көрсететін кескін алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
26 ақпанда NOAA-20 спутнигінің VIIRS (Visible Infrared Imaging Radiometer Suite, "көрінетін инфрақызыл кескіндерге арналған радиометрлер жинағы") құрылғысымен түсірілген суретте бес тайфун бейнеленген.

Сурет: NASA Earth Observatory
"Альфред", "Серу" және "Бьянка" тропикалық циклондары Австралия жағалауында тіркелді, ал олардың Үнді мұхитындағы "көршілері" – "Хонд" және "Гаранс" Маврикий мен Мадагаскар арал мемлекеттеріне жақындап қалды.
Тропикалық циклон маусымы әдетте оңтүстік жарты шарда қарашадан сәуірге дейін созылады.
Бұған дейін Индонезияда жойқын жер сfілкінісі болғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз