Рим папасы хәл үстінде, ол қайтадан оттегі аппаратына қосылды

Екі аптадан бері ауруханада жатқан Рим папасы Франциск бүгінде хәл үстінде. Астматикалық респираторлық синдромның асқынуы деген диагноз қойылған ол, қайтадан оттегі аппаратына қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ватиканның 3 наурыздағы ақпаратына сүйенсек, эндобронхиальды шырыштың айтарлықтай жиналуының нәтижесі бронхоспазмға алып келген.
Дәрігерлер бронхоскопия жасап, әулие әкейді қайтадан оттегі аппаратына қосқан. Бұл ретте ем-шара жүргізілген уақытта Рим папасының есін білгені атап өтілді.
Белгілі болғандай, ол жас кезінде пневмонияға шалдығып, өкпесінің бір бөлігін алдыртқан екен.
Бұған дейін Лондонда Зеленскийдің қатысуымен ЕО басшыларының саммиті өткендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript