Флоридадағы Диснейлендте өрт шықты: адамдар шұғыл эвакуацияланды

АҚШ-та Диснейлендтегі Epcot тақырыптық саябағында өрт шықты, оқиғаға байланысты "Ремидің Рататуй әлеміндегі шытырман оқиғалары" аттракционының кейбір қонақтарын эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Fox 35 Orlando жазуынша, өрт Франция павильонының қызмет көрсету аймағында тұтанған.
"Өрт 22 наурызда түстен кейін басталды, ал төтенше жағдай орнынан алғашқы кадрлар әлеуметтік желілерде сағат 19:00 шамасында пайда болды. Сағат 19:20-да өрт сөндірілді. Бұл күні саябақ сағат 21.00-де жабылуы керек еді. Зардап шеккендер жоқ", – деді әкімшілік.
#ÚLTIMAHORA 🚨I Se incendia el parque EPCOT en Disney World, en #Florida, EE.UU
— Josue Aguilar (@josuealeexis) March 23, 2025
🔴Bomberos combaten las llamas mientras se evacúa el pabellón de #Francia.@Disneyland aún no ofrece detalles sobre lo que provocó el incendio en su parque de #Orlando, Florida.
Vía: @PublimetroMX… pic.twitter.com/1IyYsEPsAh
Walt Disney World Resort ("Диснейленд") – Флорида штатының Орландо қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан американдық ойын-сауық курорттық кешені.
Бұған дейін Трамптың әлемдегі ең қымбат атқыш ұшақты жасап шығуға тапсырыс бергендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз