Талдықорғанда өртеніп жатқан моншадан 11 адам эвакуацияланды

Өрт, Талдықорған, монша, эвакуация , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 20:40 Сурет: pixabay
Бүгін Талдықорғанда қоғамдық моншаның шатыры өртенді. Моншадағыларды эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртенген монша Біржан сал көшесінде орналасқан. Өрттің алдын ала аумағы - 10 шаршы метр.

Департамент қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында 11 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланып, қазіргі уақытта өрт оқшауланды.

Зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: