Түркиядағы халық толқуы: Ыстамбұлға кіріп-шығуға тыйым салынды

"РИА Новости" хабарлағандай, Ыстамбұл провинциясының билігі қалада болып жатқан наразылық акцияларына байланысты адамдар қозғалысын шектеді.
"Ыстамбұл провинциясына заңсыз акцияларға жекелей немесе топ болып қатыспақ жеке адамдарға, топ адамға және көліктердің кіріп-шығуына тыйым салынады", - деді провинция басшылығы.
Хабарламада наразылықтарға қатысу әлеуеті қалай бағаланатыны көрсетілмеген.
Х әлеуметтік желісінде бөлісіп жатқан фотосуреттер мен видеолар адамдарды шетінен ұстау жүргізіліп жатқанына қарамастан наразылық акциялары әлі басылмай жатқанын көрсетеді.
#BREAKING: Riot police are cracking down hard on ongoing anti-government protests in Istanbul, Türkiye.#Istanbul #Turkiye #Erdogan #TurkeyProtests #Türkiye pic.twitter.com/XPsr6Rl4zP
— JUST IN | World (@justinbroadcast) March 23, 2025
Айта кетсек, Түркияның оппозициялық Халықтық-республикалық партиясының жетекшісі Өзгүр Өзел қамауға алынған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуды президенттікке кандидат етіп ұсынуға 15 миллионға жуық адам дауыс бергенін айтты.