АҚШ-та отбасылы сенатор кәмелетке толмаған қызға зәбір көрсетпек болғаны үшін қамауға алынды

АҚШ-та отбасылы сенатор кәмелетке толмаған қызға зәбір көрсеткені үшін қамауға алынды , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2025 10:13 Сурет: wikipedia
40 жастағы Миннесота штатының республикалық сенаторы Джастин Эйхорнның Toyota Tacoma көлігі тәркіленді. Дәл осы пикапта американдық 17 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail ақпаратынша, сенатор өткен аптада осы көлікте қамауға алынды.

"Сіздер сырттан Блумингтон полициясының логотипі бар сүйкімді ақ Toyota-ны байқап қалуларыңыз мүмкін. Себебі бұл көлік әкімшілік тәртіпте тәркіленген. Өйткені онда оның иесі ауыр қылмыс жасамақ болған",- деді Блумингтон полициясының бастығы Букер Ходжес.

Белгілі болғандай, сенатордың жұбайы оның атына тағылған айыптардан кейін ажырасуға арыз берген. Ерлі-зайыптылардың төрт баласы бар. Оқиғадан кейін Эйхорнның өзі отставкаға кетті.

Бұған дейін АҚШ Білім министрлігін жаппақ болған Трампты мұғалімдердің сотқа бергендігі хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: