Мысырда ресейлік туристер медузаның шабуылына тап болды

Мысырда ресейлік туристер медузаның шабуылына тап болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2025 10:18 Сурет: pixabay
Мысырда ресейлік туристерді медузалар шағып алған. Осылайша олар екінші дәрежелі күйік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Abnews.ru жазуынша, Светлана есімді келіншек жұбайымен және ұлымен бірге Қызыл теңізге демалысқа барған. Оның суға түсе салсымен жағалаудағы медузаларды көріп көңіліне күдік орнаған. Дегенмен, "бағыттаушылар" олардың қауіпсіз екендігін, тіпті балалар күнделікті бірге ойнап, олармен суреткте түсетінін айтып сендірген. Осылайша отбасыдағы жас саяхатшы "нұсқауларды" орындап, медузалармен ойнап, суретке түскен. Нәтижесінде күйік алған.

Светлананың өзі медузаларға қол тигізбеген, алайда олардың жанында жүзген. Осылайша оның денесін де күйік шалған.

Сурет: pixabay

Нәтижесінде демалысы медуза маусымына сәйкес келген отбасы медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Белгілі болғандай, медузалар көбінесе көбею үшін жағалауға жиналатын көрінеді: таяз суда су жылы болады. Бұл осы процеске қолайлы жағдай жасайды.

Бұған дейін Венецияның қашан толығымен су астына кететіндігі жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: