Ким Чен Ынға Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медалі берілді

Ким Чен Ынға Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медалі берілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2025 11:19 Сурет: Facebook/RusEmbDPRK
27 наурызда "Мансудэ" съездер сарайында КХДР президенті Ким Чен Ынның атына Ресей президенті Владимир Путиннің мерейтойлық медалін тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы" мерейтойлық медалін беру туралы Ресейдің Пхеньяндағы елшілігінің әлеуметтік желілерінен белгілі болды.

Ким Чен Ынға Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медалі берілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2025 11:19

Сурет: Facebook/RusEmbDPRK

"Ким Чен Ын КХДР аумағында қаза тапқан және жерленген кеңес азаматтарын еске алуға қосқан зор үлесі үшін медальімен марапатталды", – делінген ақпаратта.

Медалді Ресейдің КХДР-дағы елшісі Александр Мацегора Солтүстік Кореяның Жоғарғы Халық жиналысы Президиумының орынбасары Кан Юн Сокуға тапсырды. Ким Чен Ынның атынан қабылдап алған өкіл марапат үшін алғысын білдірді.

Ким Чен Ынға Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медалі берілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2025 11:19

Сурет: Facebook/RusEmbDPRK

Бұған дейін Кореяда қазақстандықтар жол апатына түсіп, қаза тапқандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: