КХДР басшысы Ким Чен Ын Путинді туған күнімен құттықтады

Ким Чен Ын, Путин, қол алысу, Солтүстік Корея, Ресей , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 13:33 Сурет: kremlin.ru
КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, оған арнайы жеделхат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кореяның орталық телеграф агенттігінің мәліметінше, Ресей президенті 2025 жылғы 7 қазанда өзінің 73-ші туған күнін тойлауда.


"Сіздің көреген басшылығыңыз бен отанға адалдығыңыздың арқасында Ресей Федерациясы бүгінде қуатты саяси жүйесі мен зор ұлттық әлеуеті бар әлемдік держава ретінде даңқын асқақтатып отыр", – делінген құттықтауда.

Өз сөзінде Ким Чен Ын Ресейдің жаңа көпполюсті әлемді құруда жетекші рөл атқарып отырғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, КХДР көшбасшысы екі ел арасындағы достық қатынастардың бұдан әрі де нығая беретініне сенім білдірді.

Бұған дейін АҚШ-та Трамп енгізген тарифтерден кейін баға шарықтағанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: