Ким Чен Ын Трамппен кездесуге қарсы емес екенін мәлімдеді

Ким Чен Ын Трамппен кездесуге қарсы емес екенін мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 11:12 Сурет: en.yna.co.kr
КХДР басшысы Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yonhap агенттігінің жазуынша, Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы бұл мәлімдемені өткен демалыс күндері Парламент отырысында сөйлеген сөзінде айтты.

"Егер АҚШ денуклеаризация туралы бос әурешіліктен бас тартып, Солтүстік Кореямен бейбіт қатар өмір сүруге ұмтылып, шынайылықты мойындайтын болса, онда АҚШ-пен келіссөз үстеліне отырмауға еш себеп жоқ", – деп жазды ақпарат агенттігі КХДР басшысының сөзін.

Саясаткерлер соңғы рет 2019 жылы кездескен болатын.

"Жеке өз басым Трамп мырза туралы жақсы естеліктер сақтадым", – деп қосты КХДР басшысы.

Бұған дейін Трамптың Тоқаев жайлы пікірін білдіргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: