Германия билігі мектептерде мобильді құрылғыларға толық тыйым салуды қарастыруда

Школьные принадлежности, канцелярские товары, канцтовары, школа, учебники, ученики, школьники , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2025 12:54 Фото: Zakon.kz
Германияда мектептерде мобильді құрылғыларға тыйым салынады. Бірінші қадамды Гессен жасады – әзірге бұл шешім қабылданған жалғыз федералды жер, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24KZ" ақпаратынша, жаңашылдық келесі оқу жылынан бастап күшіне енеді. Тек смартфондарға ғана емес, планшеттерге де, ақылды сағаттарға да шектеу енгізіледі. Ерекшеліктер тек төтенше жағдайлар үшін қарастырылған.

Негізгі мақсат – оқушылардың оқу процесіне шоғырлануын арттыру, сондай-ақ цифрлық құрылғылардың оқушылардың психикасына теріс әсерін азайту. Билік осылайша мектептердегі буллинг деңгейін төмендетпекші.

Германияның басқа аймақтарында мұндай шектеулерді енгізуге қатысты белсенді пікірталастар әлі де жалғасуда.

Бұған дейін Оңтүстік Кореядағы алапат өрттің тұтануына зираттағы рәсім себеп болуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: