Президент 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды қолдады

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 11:50 Фото: pexels
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне заң арқылы тыйым салу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент өскелең ұрпақтың қолайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалуға тиіс екенін атап өтті.

"Осы орайда Үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне заң арқылы тыйым салуды ұсынып отыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл мәселеге таяуда өткен Тамыз конференциясында арнайы тоқталғанын еске салды. Оның айтуынша, мұндай шара қазір әлемнің көптеген елінде қабылданып жатыр.

"Мен мұны қолдаймын. Осы жұмысқа баса назар аудару қажет деп санаймын", – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заң қабылданған жағдайда оны толыққанды жүзеге асыру тетіктерін алдын ала ойластыру қажеттігіне назар аударды.


"Себебі қауқарсыз заң ешкімге қажет емес", – деді Мемлекет басшысы.

Президент энергетика саласының технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және баламалы энергия көздерін дамытуға мүмкіндік беретін заң жобаларын да жедел қарастыру маңызды екенін айтты.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заңдарға айрықша назар аударуды тапсырды. Оның айтуынша, ақпарат кеңістігінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: