Құрылтайға ел тағдырын айқындайтын мәселерді шешуге қатысты аса ауқымды құзырет берілді – Президент

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 11:43 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында жаңа заң шығарушы органға берілген құзыреттер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, Құрылтай жұмысының басталуы мемлекеттік басқару жүйесіндегі іргелі институционалдық өзгерістерге жол ашады. Өйткені жаңа заң шығарушы орган билік жүйесін қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады.

Атап айтқанда, Конституциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелері Құрылтайдың келісімімен тағайындалады.

Депутаттар Президенттің ұсынуы бойынша Жоғарғы сот судьяларын сайлап, оларды қызметінен босата алады. Сондай-ақ Құрылтайға Конституциялық сот пен Жоғарғы сот судьяларын және депутаттарды құқықтық иммунитеттен айыру құзыреті берілді.

Бұдан бөлек, Құрылтай Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітіп, Конституциялық соттың жыл сайынғы жолдауын тыңдайды.

"Депутаттар Үкіметке сенімсіздік білдіруге, Президентке Үкіметтің жекелеген мүшелерін қызметтен босату туралы ұсыныс білдіруге құқылы", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Құрылтайға атқарушы және сот билігін қалыптастыруға, сондай-ақ ел тағдырын айқындайтын стратегиялық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысты ауқымды құзырет берілгенін атап өтті.

"Біз, осылайша, заң шығарушы органның ықпалын едәуір күшейттік. Бұл – билік тармақтары арасындағы өзара теңгерім жүйесі нығая түседі деген сөз", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік және қоғамдық институттарды жүйелі түрде жаңғырту жұмысы жыл соңына дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Сөз соңында Президент Құрылтай алдында тұрған бірқатар маңызды міндетке тоқталатынын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: