Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі – Президент

Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі – Президент, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 11:15 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында жаңа заң шығарушы орган депутаттарына айрықша жауапкершілік жүктелетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, депутаттар халықтың аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуге тиіс.

"Жалпы, Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Депутаттар халықтың аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуі керек. Бұл – анық ақиқат. Мұны ешқашан естен шығармау қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсіп, жаңа өрлеу кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Оның айтуынша, биыл еліміздің болашағы үшін мән-маңызы зор көптеген тарихи оқиға болды.

"Халқымыз аз уақыт ішінде бір ұлт болып көп жұмыс атқарды. Елімізде жалпыұлттық референдум арқылы ауқымды конституциялық реформа табысты жүзеге асырылды. Осылайша, біз нағыз Халық Конституциясын қабылдадық", – деді Президент.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияның күшіне енуін Қазақстан тарихындағы аса маңызды бетбұрыс деп бағалады. Соның нәтижесінде елдің өсіп-өркендеуіне жол ашатын берік құқықтық негіз қалыптасты.

"Қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп бере алатын мүлде жаңа саяси-құқықтық жүйенің іргетасы қаланды. Бұл жүйе мемлекет құрылымын толық жаңғыртып, билік институттарының тиімділігін арттырады. Сондай-ақ азаматтарымыздың ел басқару ісіне атсалысуына нақты мүмкіндік береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: