Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуына қатысады
Сурет: akorda.kz
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, президент Құрылтай отырысында сөз сөйлейді.
Мемлекет басшысының сөзі сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметіне сәйкес, дауыс беруге 9 351 539 азамат немесе сайлаушылардың 74,08%-ы қатысты.
Сайлау қорытындысы бойынша бес саяси партия 5 пайыздық межеден өтті. Олар – "Әділет", "Ауыл", Respublica, "Ақ жол" және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.
Құрылтайдың құрамына бес жыл мерзімге сайланған 145 депутат енді. Бүгінгі отырыс жаңа өкілді органның бірінші шақырылымдағы алғашқы сессиясы болмақ.