Тоқаев вице-президент пен премьер-министрдің кандидатураларын Құрылтайға ұсынатынын айтты
Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында жаңа Үкіметті жасақтау тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің сөзінше, Ата заңға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.
"Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге Вице-президенттің және Премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұдан кейін Құрылтай депутаттарымен ақылдаса отырып, Үкімет мүшелерін тағайындайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар Президент жаңа лауазым – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындайтынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай мен Үкіметтің құрамы толық айқындалғаннан кейін Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайтынын жеткізді.
"Жолдауда көтерілген барлық бастаманы атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс", – деді Президент.
Мемлекет басшысы барлық лауазымды тұлғалар, әсіресе қызметіне жаңадан кірісетін азаматтар ел алдында тұрған ортақ мақсаттар мен міндеттерді білуге тиіс екенін атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript