Мьянмалықтар үйінді астынан құтқару жұмыстарын жалғастыруда

Мьянмалықтар үйінді астынан құтқару жұмыстарын жалғастыруда , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2025 12:26 Сурет: pixabay
Зілзаладан бірінің үстіне бірі құлаған ғимараттар Мьянмадағы құтқарушылардың жедел әрекетіне кедергі келтіруде, деп хабарлайды Zakon.kz

Hindustan Times газетінің жазуынша, құтқарушылар үйінді астында тірі қалуы мүмкін адамдарды іздеу жұмыстарында бірнеше сағат бойы ауыр қабырғаларды кесіп, қоқыс үйінділерін қазу машиналарымен көтеруге мәжбүр.

Мьянма әскери бастығының мәлімдемесіне сәйкес, бүгінде жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 2719-ға дейін өсті.

4521 адам жараланған, 400-ден астам адам хабар-ошарсыз кетті. Апаттан бері 72 сағаттан астам уақыт өткендіктен, тірі қалғандарды табу мүмкіндігі әр минут сайын азаюда.

Бұған дейін геофизиктердің Мьянма мен Таиландтағы жойқын жер сілкінісінің себептерін айтқандығы жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: