Мамандар ҚХР аумағында жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін екенін мәлімдеді

South China Morning Post газетінің жазуынша, Бейжің жер сілкінісі агенттігінің аға инженері Чжу Хунбиннің жетекшілігімен жүргізілген зерттеудің мамандары Қытайда және оған жақын аймақтарда алдағы жылдары Мьянмада болған сияқты қатты жер сілкінісі болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Ғалымдар жер дүмпуінің алты негізгі белсенді кезеңін анықтау үшін 1879 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі шамамен 150 жылдық сейсмикалық деректерді талдады.
"Қазіргі уақытта аймақ сейсмикалық белсенді уақыттың жаңа кезеңіне өтуі мүмкін", – деп атап өтті Чжу Хунбинь командасы.
Олардың пікірінше, плиталар енді солтүстік-шығысқа қарай бұрылуы мүмкін, сондықтан Қытайдың Сычуань, Юньнань провинцияларында және Гималай аймағында жойқын жер асты дүмпулерінің қаупі артады.
Бұған дейін геофизиктердің Мьянма мен Таиландтағы жойқын жер сілкінісінің себептерін айтқандығы жайлы жазған болатынбыз.