Түрік сейсмологтары жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескертті
Фото: Zakon.kz
Түркияның Балыкесир провинциясындағы Сындыгы ауданында бірнеше күн қатарынан жер сілкінісі тіркеліп жатқанымен, сейсмикалық кернеу әлі де сақталып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Haber Global мәліметінше, геофизика профессоры Ахмет Эрджан осы жағдайға байланысты арнайы мәлімдеме жасаған.
Маманның айтуынша, соңғы үш күн ішінде өңірде магнитудасы 4,6, 4,2 және 4,7 балдық жер сілкіністері болған. Бұған дейін бұл ауданда 6,1, 5,1 және 5,0 балдық қуатты зілзалалар да тіркелген.
"Сейсмикалық кернеу әлі де сақталып тұр. Егер күшті жер сілкінісі болса – бұл тосын жағдай болмайды", – деп атап өтті ғалым.
Сондай-ақ, профессор Сындыгыдағы көптеген ғимараттардың зақымданғанын еске салып, тұрғындарды ауданда салынып жатқан, қауіпсіз аймақта орналасқан мемлекеттік тұрғын үйлерге мүмкіндігінше тезірек көшуге шақырды.
Бұған дейін Таиланд астанасының орталық көшесінде үлкен шұңқыр пайда болғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript