Қытайда борышын өтей алмаған фермерден қолтырауындары тәркіленіп, саудаға салынды

Қытайда Сиам қолтырауындарын өсіруге және сатуға 2003 жылдан бастап рұқсат етілген. Бауырымен жорғалаушылардың терісі мен етінен өнімнің жүзден астам түрі – косметикадан бастап, шарапқа дейін өндіріледі. South China Morning Post дерегінше, олардың бастапқы құны 550 мың долларға бағаланды.
Бауырымен жорғалаушылар оларды өсірумен айналысқан фермерден тәркіленді, ол қарыздарын өтей алмаған. Шамамен, 100 тоннаға есептелген 200-500 қолтырауын алынған. Олардың әрқайсысының салмағы 200-ден 500 кг-ға дейін.
Сауда-саттыққа қатысушылар келесі шығындарды жаба алуы керек:
- ұстау;
- өлшеу;
- жануарларды тасымалдау.
Олар сондай-ақ қолтырауындарды өсіруге лицензиясы болуы керек және оларды жеке өзі келіп алуға міндетті.
Онлайн аукцион Alibaba платформасында өтеді және 9 мамырда аяқталады.
Бұған дейін Американдық зейнеткердің үйінде жеті жолбарыс асырағаны хабарланған болатын.