UFC спортшысы кәмелетке толмағанға қатысты азғындық әрекеттер жасады деген күдікпен тұтқындалды

UFC спортшысы кәмелетке толмағанға қатысты азғындық әрекеттер жасады деген күдікпен тұтқындалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 11:55 Сурет: Instagram/hassanzada_mma
Жеңіл салмақтағы ауғанстандық UFC спортшысы Ахмад Хассанзада дебюттік жекпе-жегін өткізе алмайтын болды, өйткені өткен демалыс күндері оны АҚШ-тың Сакраменто округінде кәмелетке толмағанға қатысты азғындық әрекеттер жасады деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Sun басылымының мәліметінше, спортшының ісі бойынша сот отырысы 22 сәуірде өтеді. Оны босату үшін 400 мың доллар көлемінде кепілдік сомасы белгіленген.

Хассанзада UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін Канзас-Ситиде өтетін турнирде Эван Элдерге қарсы өткізуі тиіс болған. Бұл ретте, UFC өкілдері Элдердің жаңа қарсыласы Гэйдж Янг болатынын мәлімдеді.

Өткен жылдың қыркүйегінде 28 жастағы Кабул тумасы Contender Series шоуына екінші рет қатысып, үшінші раундта Дилан Мантеллоны тұншықтыру әдісімен жеңіп, UFC-мен келісімшартқа қол жеткізген болатын.

Бұған дейін Дмитрий Биволдың ММА-да күресу туралы ұсынысқа жауап берггендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: