Астанада кәмелетке толмағандарға азғындық жасады деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің подполковнигі ұсталды

13 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астанада Қарулы Күштердің подполковнигінің ұсталғаны туралы хабарлады., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2024 14:53 Сурет: freepik
13 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астанада Қарулы Күштердің подполковнигінің ұсталғаны туралы хабарлады. Ол кәмелетке толмағандарға зорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Zakon.kz сайтына подполковникке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігі "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігінде ата-анасының немесе басқа да қамқоршысының кәмелетке толмаған адамға қатысты дәл сол әрекеті (кәмелетке толмағандарды азғындық жолға түсіру) жасауы көзделген.

Аталған жайт ҚР ІІМ Облыстық әскери тергеу басқармасына тіркелді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Сенат депутаттары әйелдер құқығын қорғау және балалардың қауіпсіздігі туралы заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес қазақстандықтар жаппай ата-ана құқығынан айырыла бастайтынына алаңдаулы. Сенаторлардың сауалына Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Игорь Лепеха жауап берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: