Ыстамбұл қатты жер сілкінісінен айналып өтеп алмайды - сейсмолог

Ыстамбұл, қатты жер сілкінісі, сейсмолог, болжам, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2025 10:55 Сурет: pixabay
Сейсмологтар ауқымды жер сілкінісінен Ыстамбұл айналып өтеп алмайды, бірақ оның қашан болатынын нақты болжау мүмкін емес деген пікірде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген сұқбатында Ыстамбұл мэриясының жер сілкінісі жөніндегі ғалымдар кеңесінің мүшесі, сейсмология профессоры Халюк Эйидоган мәлімдеді.

"Мәрмәр теңізі аймағы әрқашан жер сілкінісіне бейім, бізде Византия заманынан бергі мұрағаттар бар. Қазіргі жер сілкінісі - одан да қаттысының хабаршысы болуы мүмкін екені айтылуда, менің ойымша, бұл тек бұқаралық ақпарат құралдарына арналған мәлімдемелер, жалпы алғанда, бұл аймақтың тарихын білетіндердің бәрі мұны айта алады. Иә, сөзсіз, Мәрмәр теңізі аймағында үлкен жер сілкінісі болады, біздер - ғалымдар мұны біраз уақыттан бері айтып келеміз", - деді Эйидоган.

Оның айтуынша, жер сілкінісі 40-50 жылдан кейін болады деп айту дұрыс емес, ғалымдар мұндай оқиғаның ықтималдығын ғана есептей алады.

"Ешкім нақты күнді айтпайды, оны болжау да мүмкін емес, бірақ кез-келген жағдайда Мәрмәр теңізінде қатты жер сілкінісінің қаупі жоғары. Ошағы Мәрмәр теңізі болған соңғы жойқын жер сілкінісі 1766 жылы болды", - деп атап өтті ғалым.

Ол сейсмологтардың Мәрмәр теңізіндегі Солтүстік Анадолы жарығы 250 жылда бір рет ауқымды жер сілкіністерін тудырады деп бірнеше рет болжам жариялағанын еске салады. Сонымен қатар, жер жарығының бір тармағы Ыстамбұл жағалауы арқылы өтеді.

Сондай-ақ, Эйидоганның айтуынша, ғалымдар Ыстамбұл мен Мәрмәр теңізі аймағында магнитудасы 7-ден жоғары күшті жер сілкінісі болатынын болжайды, бүкіл Түркия экономикалық зардаптарды сезінеді. Ыстамбұл мэриясының есебі бойынша, магнитудасы 7,5 болатын джер сілкінісі болған жағдайда қалада кемінде 90 мың ғимарат құлайды.

2025 жылдың 23 сәуірінде Түркияда болған жер сілкінісінен кейін әртүрлі түрік ғалымдары Ыстамбұл аймағында 7,5-тен жоғары күтілетін ірі жер сілкінісі туралы мәселені қайта-қайта көтеріп жүр.

Түрік сейсмологы Ахмет Ержанның айтуынша, жаңа жер сілкінісінің ошағы алдыңғы жерде, 7-ден 13 шақырымға дейінгі тереңдікте орналасады, бірақ жер сілкінісі 22 есе күшті болады. Ол апаттың болуы ықтимал күнін де болжады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: