Ватиканда Рим Папасы Францискпен қоштасу рәсіміне 200 мың адам жиналды

Іс-шараға мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 160-тан астам делегация келді, ал алаңға, Рим полиция басқармасының хабарлауынша, жерлеу қызметі басталардан бір сағат бұрын 140 мың адам жиналды.
Рәсімді Кардиналдар колледжінің деканы Джованни Баттиста Ре басқарады. Құдайға мінәжет ету басталысымен Францисктің денесі салынған табытты Әулие Петр шіркеуінен алып шықты. Понтификпен қоштасқан Кардиналдар алқасының мүшелері табыттың соңынан ілесті.
The beginning of the Requiem Mass for Pope Francis pic.twitter.com/gP7Jbqtzjb
— Vatican News (@VaticanNews) April 26, 2025
Алаң кеңістігі бірнеше аймаққа бөлінген, олардың әрқайсысында саясаткерлер, кардиналдар мен архиепископтар делегациялары, сондай-ақ арнайы шақырылған дін саласының мүшелері жайғасқан. Салтанатқа соңынан жеткен қонақтардың қатарында АҚШ президенті Дональд Трамп, Франция президенті Эммануэль Макрон және Украина президенті Владимир Зеленский де бар, олар үлкен делегация құрамымен шіркеуден бірге шықты.
Рәсімнен кейін понтификтің денесі салынған табытты Рим көшелерімен алып өтіп, жерлеу рәсімі өтетін Санта-Мария Маджоре шіркеуіне жеткізіледі.
2025 жылдың 23 сәуірінде Рим Папасы Францисктің денесі салынған табыт көпшілік қоштасып үлгеруі үшін Әулие Петр Соборына үш күнге қойылды. Ол 2025 жылы 21 сәуірде 88 жасында ұзақ аурудан кейін қайтыс болды. Ватикан оның өлімне инсульт және тұрақты жүрек жеткіліксіздігі түрткі болғанын айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев понтификтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.