"Магнитудасы 8,0-ден асады": ғалымдар Тынық мұхитында жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтты

"Магнитудасы 8,0-ден асады": ғалымдар Тынық мұхитында жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтты , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 11:34 Сурет: pexels
Сейсмолог ғалымдар келесі 50 жылда магнитудасы 8,0-ден жоғары жойқын жер сілкінісінің болу ықтималдығы 15% екенін болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының мәліметінше, Каскадия субдукция аймағында (Канададан Калифорнияға дейін созылатын) осындай қуатты жер сілкінісі Тынық мұхитының солтүстік-батыс жағалауындағы жер бедерін күрт өзгертіп, жағалау бойындағы жерлердің тез шөгуіне әкелуі мүмкін. Бұл теңіз деңгейінің "күрт" көтерілуіне және жергілікті тұрғындар үшін су тасқыны қаупінің артуына себеп болады.

Бұл туралы Каскадия жарығы бойындағы үлкен жер сілкінісінің ықтимал әсерін зерттейтін жаңа зерттеуде айтылған. Зерттеу нәтижелері Канададан Калифорнияға дейін созылып жатқан жарықта жойқын жер сілкінісінің болу ықтималдығын қарастырады.

Аймақ бұған дейін мұндай жер сілкінісінің болуы мүмкін екенін болжап, қауіпті жағдайларға дайындалып келді. Мұндай оқиға қуатты цунами тудырып, көптеген адамдардың қазасына әкелуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: