БАӘ оқушылары жасанды интеллектті пән ретінде оқи бастайды

БАӘ оқушылары жасанды интеллектті пән ретінде оқи бастайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2025 09:14 Сурет: pixabay
Жаңа оқу жылынан бастап БАӘ мектептерінде оқушылар жасанды интеллектті пән ретінде оқи бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл пән балабақшадан бастап 12-сыныпқа дейінгі барлық мемлекеттік білім беру сатыларында қолжетімді болады, деп жазады Khaleej Times. БАӘ шейхы және премьер-министрі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум бұл шешім елдің болашақ ұрпақты мүлде жаңа, өзге әлемге дайындау жөніндегі ұзақмерзімді жоспарының бір бөлігі екенін атап өтті.

"Біздің міндетіміз – балаларымызды біздің уақытымызға ұқсамайтын, шарттары басқа, жаңа дағдылар мен мүмкіндіктерді талап ететін кезеңге дайындау. Бұл – еліміздің даму мен ілгерілеуін алдағы ондаған жылдарға қамтамасыз ететін мүмкіндік", – деп қосты ол.

Білім министрі Сара бинт Юсеф аль Амири оқу бағдарламасы жасанды интеллекттің негізгі тұжырымдамаларын қамтитынын атап өтті:

  • деректер және алгоритмдер;
  • бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • этикалық сана;
  • жасанды интеллектті шындыққа қолдану;
  • инновациялар мен жобалар;
  • саясат және әлеуметтік белсенділік.

Ол үшін Министрлік мұғалімдерге әр түрлі оқу жағдайларына бейімделген іс-шаралар мен сабақ жоспарларын қоса алғанда, жан-жақты ресурстар ұсынады.

Бұған дейін Испанияда төрт жыл бойы балаларын қамап ұстаған отбасы анықталғандығы жайлы жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: