Қазақстандықтар жасанды интеллектті диссертациялық және ғылыми жұмыстарда қолданғысы келеді
Сурет: freepik
Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 28 ақпандағы "диссертациялық зерттеулер жүргізу және өзге де ғылыми жұмыстарды дайындау кезінде жасанды интеллектті қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Диссертациялық зерттеулер жүргізу және өзге де ғылыми жұмыстарды дайындау кезінде жасанды интеллектті қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеуге жұмыс тобын құру", - делінген құжатта.
Жұмыс тобының құрамына:
- Нархоз университетінің президенті, заң бойынша PhD докторы, жұмыс тобының жетекшісі (келісім бойынша) Мирас Дәулетов.
- АlmaU проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор (келісім бойынша) Әсел Арынова.
- Назарбаев университетінің профессоры, PhD докторы (келісім бойынша) Асқар Боранбаев.
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің цифрландыру және инновациялар жөніндегі проректоры, PhD докторы, қауымдастырылған профессор (келісім бойынша) Нұржан Дүзбаев.
- Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор (келісім бойынша) Марлен Есіркепов.
- Maqsut Narikbayev University провосты, заң ғылымдарының кандидаты, доцент (келісім бойынша) Сергей Пен.
- Maqsut Narikbayev University профессоры, заң бойынша PhD докторы (келісім бойынша) Муслим Хасенов.
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша) Асқар Хикметов.
- ҚР ҰҚМ Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов.
- ҚР ҰӘМ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің ғылыми кадрларды аттестаттау басқармасының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Жұлдыз Мусурова.
Жұмыс тобына:
- ғылым және жоғары білім саласында жасанды интеллектті қолдану саласындағы халықаралық тәжірибеге талдау жүргізу;
- жүргізілген талдау қорытындылары бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге ұсыныстар мен толықтырулар енгізе отырып, диссертациялық және өзге де ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектпен жұмыс алгоритмдерін пайдалану және іске асыру жөніндегі анықтаманы ұсыну;
- жүргізілген жұмыстың қорытындылары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне 2024 жылғы 9 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылсын.
Бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript