Қазақстандықтар тағы екі шетелдік жоғары оқу орнында ғылыми тағылымдамадан өте алады

Студенты, университеты, вузы, абитуриенты, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2026 16:14 Фото: freepik
Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 14 шілдедегі бұйрығымен ғылыми тағылымдамадан өтуге ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтар мен өзге де ұйымдардың 2026 жылға арналған тізіміне өзгерістер енгізілді.

Ғылыми зерттеулердің барлық бағыты бойынша тағылымдамадан өтуге болатын жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілді.

Тізімге тағы екі жоғары оқу орны енгізілді:

  • Ковентри университеті (Coventry University), Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі;
  • Шэньчжэньдегі Гонконг Қытай университеті (The Chinese University of Hong Kong, Shenzhen), Қытай Халық Республикасы.

Бұйрық 2026 жылғы 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: