Фридрих Мерц Германия канцлері болып сайланды

DW басылымының мәліметінше, екінші кезеңде 325 депутаттың 316-сы оны "қолдап" дауыс берді.
Христиан-демократиялық және Христиан-социалистік одақтары (ХДС/ХСО) атынан ұсынылған кандидат осылайша ГФР тарихындағы оныншы канцлер атанды. Ол Германияның Социал-демократиялық партиясымен (SPD) бірлесіп, коалициялық үкіметті басқаратын болады.
Айта кетейік, Фридрих Мерц бірінші турда сәтсіздікке ұшырады: Ол кезде оған тек 310 депутат дауыс берген.
Айта кетсек, 2024 жылдың желтоқсанында 394 депутат парламентті таратуға және жаңа сайлау өткізу үшін дауыс берді, 207 депутат Шольц үкіметін қолдаса, 116-сы қалыс қалды. Сенімсіздік таныту вотумын алға тарту үшін кем дегенде 367 дауыс қажет болды. Үкіметтегі дағдарыс 2025 жылдың бюджетін талқылау кезінде бұрқ етті. Сөйтіп Шольц бастаған Германия үкіметі наурыз айының соңында отставкаға кеткен болатын.