Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның канцлері болып сайлануымен құттықтады

2025 жылы 7 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Федералдық канцлері болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Канцлері сайлауында жеңіске жеткен Фридрих Мерцке құттықтау жеделхатын жолдады.
"Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің ауқымы кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтіп, қазақ-герман ынтымақтастығының жоғары қарқынын сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады", деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұған дейін 2025 жылы 6 мамырда Христиан-демократиялық және Христиан-социалистік одақтары (ХДС/ХСО) атынан ұсынылған кандидат ГФР тарихындағы оныншы канцлер атанғанын жазғанбыз. Фридрих Мерц Бундестагтағы екінші дауыс беру нәтижесінде Германия канцлері болып сайланды. Ол Германияның Социал-демократиялық партиясымен (SPD) бірлесіп, коалициялық үкіметті басқаратын болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript