Қытайда жойқын жер сілкінісі болды

12 мамырға қараған түні Қытайда 5,6 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәліметтерге сәйкес, жер асты дүмпулерінің эпицентрі 80 мыңға жуық халқы бар Шигадзе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 124 км жерде орналасқан.
Зілзаланың ошағы 10 км тереңдікте жатты.
Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Бұған дейін Қазақстандық сейсмологтардың тағы бір жер сілкінісін тіркегендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript