Қазақстандық сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Оны ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі бүгін, 2025 жылғы 12 мамырда Астана уақыты бойынша 06:33-те болған.
"Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Эпицентрі – 41,682º N 74,960º E. Тереңдігі – 10 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,4. MPV магнитудасы – 4,8", – делінген дүйсенбіде жарияланған сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы ЖШС сайтында.
Есептерге сәйкес, Қазақстан аумағында сейсмикалық белсенділік сезілген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript