Трамп Киевті Путиннің Түркиядағы келіссөздер туралы ұсынысына келісуге шақырды

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 13:53 Фото: flickr/White House
Дональд Трамп Украинаны Ресей басшысы Владимир Путиннің Түркияда келіссөздер жүргізу туралы ұсынысына келісуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Трамп 11 мамырда өзінің Truth social платформасындағы аккаунтында жазды.

"Президент Путин Украинамен атысты тоқтату туралы келісім жасасқысы келмейді, бірақ оның орнына бейсенбіде Түркияда кездесіп, осы қанды қақтығыстың аяқталуын талқылағысы келеді. Украина бұл келіссөздерге бірден келісуі керек. Кем дегенде, мәміленің мүмкіншілігі анықталады. Егер олай болмаса, еуропалық көшбасшылар мен АҚШ жағдай туралы нақты түсінікке ие болады және соған сәйкес әрекет ете алады", – деп жазды Трамп.

Бұған дейін Ердоғанның Ресей мен Украина келіссөздерін ұйымдастыруға дайын екенін айтқандығын жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: