Қытайда әйгілі брендтің жүргізушісіз басқарылатын көлігі өртеніп кетті

Пекинде қытайлық Pony.ai компаниясының жүргізушісіз басқарылатын көлігі кенеттен тұтанып, жанып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Carnewschina порталының мәліметінше, Pony.ai компаниясының сынақтан өтіп жатқан жүргізушісіз көлігі жол жиегіндегі көгалдандырылған алаңның үстіне шығып кетіп, өртенген.

Сурет: carnewschina
Оқиға болған сәтте көліктің ішінде жолаушылар болмаған. Компания қызметкерлері дабыл түскеннен кейін екі минут ішінде оқиға орнына келген.
Өрт тиісті қызметтердің көмегімен жедел сөндірілді, оның шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Дональд Трамп Газаны "бостандық аймағына" айналдыруға уәде бергендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript