Румынияда президенттік сайлаудың соңғы туры өтуде

Румыния, президенттік сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2025 13:52 Сурет: ria.ru
Румынияда 18 мамырда, жексенбіде президенттік сайлаудың екінші туры басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Adevărul газетінің мәліметінше, елде 18 979 сайлау учаскесі ашылып, Астана уақыты бойынша сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Елден тыс жерде тұратын Румыния азаматтары үш күн бойында дауыс бере алады. Бірінші сайлау учаскесі Жаңа Зеландияда 15 мамырда ашылған болатын.

Сайлаудың бірінші туры 4 мамырда өтті, онда "Румындар бірлестігі альянсы" (AUR) ұлтшыл партиясының жетекшісі Джордж Симион – 41%, сондай-ақ Бухарест мэрі Никушор Дан 21% дауыс жинады.

2024 жылдың қарашасында Румынияда президент сайлауының бірінші туры өтті. Ол кезде тәуелсіз кандидат Калин Джорджеску көш бастады, бірақ 6 желтоқсанда елдің конституциялық соты Жоғары Қауіпсіздік кеңесінің құпия құжаттардың жария болуын растап, ауыр бұзушылықтар орын алды дегенді желеу етіп, дауыс беру қорытындыларының күшін жойды.

Ақпан айының соңында Джорджескуге алты қылмыс бойынша айып тағылды, оның ішінде сайлау науқанын заңсыз қаржыландыру ісі бойынша тергеу аясында жалған ақпарат таратты деген де кінә бар. Тәуелсіз кандидат Румыния президенттігіне үміткер ретінде өзін тіркеуді сұрап, құжаттар тапсырды, бірақ ОСК оның өтінішін қабыл алмады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: