Литва билігі Беларуське қарсы БҰҰ-ның сотына шағым түсірді

Литва Республикасы Сыртқы істер министрлігінің X әлеуметтік желісіндегі мәліметке сүйенсек, енді Вильнюс Минскіден келтірілген залалды өтемақы ретінде төлеуді талап етуде.
Since 2021, Belarus has weaponized migration against Lithuania and the EU. Today, Lithuania filed a case against Belarus at the International Court of Justice over the migrant crisis orchestrated by the Lukashenko regime in violation of international law. pic.twitter.com/NvwTAnNwWG
— Lithuania MFA | #StandWithUkraine (@LithuaniaMFA) May 19, 2025
"2021 жылдан бастап Беларусь миграцияны Литва мен Еуроодаққа қарсы қаруға айналдырды. Бүгін Литва Беларуське қатысты БҰҰ Халықаралық сотына шағым түсірді", – делінген ақпаратта.
Литваның Сыртқы істер министрлігі атап өткеніндей, Беларусь тараптары "БҰҰ-ның заңсыз мигранттарды құрлық, теңіз және әуе арқылы әкелуге қатысты хаттамасына" міндеттерін бұзған. Беларусь пен Брюссель арасындағы келіспеушіліктер, Belavia әуе компаниясының Еуропаға ұшуларын тыйым салу салдарынан 2021 жылы Беларусь шекараларындағы жағдай күрт шиеленіскен болатын.
Өз кезегінде, Беларусь билігі бұл айыптауларға әлі ресми жауап берген жоқ.