Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды

Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2025 12:59 Сурет: polisia.kz
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Бауыржан Әленов бастаған делегация Вьетнам астанасы Ханой қаласында өткен БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған құжат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаһандық киберқауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

ҚР ІІМ Конвенция жобасын әзірлеу барысында ұлттық мүдделерді ұстана отырып, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар енгізіп, белсенді жұмыс атқарды.

Сурет: polisia.kz

Конвенцияға қол қою Қазақстанның цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, киберқатерлерге қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жетілдіру және киберқауіпсіздік саласында басқа елдермен әріптестікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатын іске асырудағы маңызды қадам болды.

Конвенцияға қосылу Қазақстанға:

  • басқа елдермен электрондық дәлелдемелермен жедел алмасуға;
  • трансшекаралық киберқылмыстарды тергеу кезінде тиімді өзара іс-қимыл жасауға;
  • азаматтарды интернет-алаяқтықтан, кибершабуылдардан және цифрлық кеңістіктегі өзге де қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Тоқаев Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісін қызметінен босатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: