Израильдің орталығы жарықсыз қалды
Сурет: pixabay
Ел аумағына Иран зымырандарының жаңа шабуылы салдарынан әуе дабылдары қосылып, сиреналар естілді. Тель-Авивте бірнеше жарылыс дыбысы тіркеліп, зымырандар қаланың әртүрлі аудандарына түскен.
⚡️ Israeli media: A major power outage in central "Israel". pic.twitter.com/FD5Igc8Paw
— Resist4Justice (@Resist4Justice_) June 16, 2025
Telegram-дағы Press TV арнасының хабарлауынша, Иранның зымыран соққысынан кейін Хайфа қаласындағы электр станциясында өрт шыққан.
Power outage reported in central Israel as a result of missile attack on Haifa power plant
— Press TV 🔻 (@PressTV) June 16, 2025
Follow: https://t.co/mLGcUTS2ei pic.twitter.com/ZpZyU91MZp
Әлеуметтік желілерде Иран зымырандарымен атқыланған Хайфа электр станциясындағы өрттің алғашқы бейнежазбалары жарияланды.
Haifa power plant is being on fire after being hit by Iranian missiles in new phase of attacks pic.twitter.com/zRKWDCMSt4
— Ijaz Shigri (@GashabrumII) June 16, 2025
Бұған дейін әуе шабуылдарынан кейін Иранда көпқабатты тұрғын үй құлап, 60 адам, оның ішінде 20 бала қаза тапқандығы хабарланған болатын.