Шымкенттің бір бөлігі жарықсыз қалды

Шымкенттің бір бөлігі жарықсыз қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2024 14:08 Сурет: pixabay
Апат салдарынан Шымкенттегі бірнеше ықшамауданның электр қуаты өшіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 12 наурызда қалалық әкімдік хабарлады.


"Төтенше жағдайға байланысты бүгінде "Достық", "Нұршуақ", "Солтүстік-Батыс", "Солтүстік Саяжай" шағын аудандарында үш мыңнан астам абонент электр қуатынсыз қалды.Қазіргі уақытта арнайы топ ақауларды жою үшін тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Тұрғын үйлер екі сағаттың ішінде электр қуатына қосылады деп уәде беріліп отыр.

Бір күн бұрын, 11 наурызда Рудныйда да осындай оқиға орын алып, бірнеше көше жарықсыз қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: