Алматының бір бөлігі жарықсыз қалды

Жарты Алматы жарықсыз қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2024 13:13 Сурет: unsplash
Алматының Алмалы ауданында 2024 жылдың 9 ақпанында сағат 12:20 шамасында электр қуаты жартылай сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ Алмалы ауданының қай бөлігі жарықсыз қалғанын түсіндірді.


"Алмалы ауданы: Гоголь к-сі – Амангелді к-сі – Абай даңғылы – Байтұрсынов к-сі бойынша жарықтың өшу себебі анықталуда", - деп хабарлады "АЖК" АҚ баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.

Компания күтілетін қосу уақыты екі сағатты құрайтынын атап өтті.

"АЖК" АҚ мәліметінше, келесілер жарықсыз қалды:

  • бес бағдаршам,
  • 123 заңды тұлға,
  • 1993 адам.

2023 жылдың 25 қарашасында кешкі уақытта Алматының Алмалы ауданында жарық өшіп қалды. Бұдан кейін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ нақтылағандай, сағат 20:16-да РЭС-2 апатты түрде тоқтатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: