Алматының бір ауданы жарықсыз қалды
Pixabay
Сағат 12-ге дейін ақауды түгелдей жоямыз - құзырлы ведомства.
8 сәуірде таңертең Алматыдағы аудандардың бірі электр желісінен ажыратылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жарықтың сөнгені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жариялана бастады. Қаланың Медеу ауданындағы "Нұрлы Тау" бизнес орталығы және басқа да кеңсе ғимараттары электрсіз қалды деп хабарланған.
Алматы қаласының Энергия тиімділігі және инфрақұрылымды дамыту басқармасы қосалқы станцияның бірінде апат болғанын жеткізді.
Ақауды жою бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Ауданның белгілі бір бөлігіне электр берілді. Сағат 12-ге дейін ақауды түгелдей жоямыз, - деді құзырлы ведомствадағылар.
Оқи отырыңыз
Назарбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript