Түркия теңіздегі балама жолдарды іздеуде
Сурет: NASA
ТАСС агенттігінің мәліметінше, бұл туралы Түркия Республикасының көлік министрі Абдулакадир Уралоғлу Hürriyet газетіне берген сұхбатында айтты.
"Бұғаз жабылып қалған жағдайда сенімді баламалар қажет, сондықтан біз "Даму жолы" мен "Орта дәліз" жобаларын жүзеге асырып жатырмыз", – деп түсіндірді министр.
Оның айтуынша, Түркия аумағы арқылы өтетін "Даму жолының" ұзындығы – 2100 км, бұл жобаға шамамен 24 миллиард доллар инвестиция салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Транскаспий бағыты ("Орта дәліз") да нығайтылып жатыр, оның 2200 км бөлігі Түркия арқылы өтеді. Бұл бағыттың негізгі учаскелері қазірдің өзінде аяқталған.
Жобалар толық іске қосылғаннан кейін жүктің Еуропаға жеткізілу мерзімі "Даму жолы" арқылы 25 күнге, ал "Орта дәліз" арқылы рекордтық 13 күнге дейін қысқарады.
"Орта дәліз" – бұл Қытайдан Қазақстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтетін 11 мың км-лік бағыт, Каспий теңізі арқылы теміржол-теңіз қатынасын пайдаланады. Оның жылдық өткізу қабілеті 27 миллион тонна жүкке дейін жетеді.
Айта кетейік, 22 маусымда Иран Парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі Исмаил Кусари Ормуз бұғазын жабу қажет деп есептейтінін мәлімдеді. Алайда, түпкілікті шешімді Ұлттық қауіпсіздік кеңесі қабылдайды.