Америкалық азамат 26 миллион теңгені қалай ұтып алғанын айтты

Филадельфия тұрғыны жеңісті лотерея билетін көлігінде ұмытып кете жаздаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
UPI басылымының жазуынша, америкалық азамат көлігін тазалап жүрген кезде ұмыт қалған билетті тауып алған. Ол жұмысына байланысты жиі штаттар арасында сапар шегеді екен. Осындай сапарларының бірінде лотереяға қатысуға бел буып, сатып алған билетін көлікке қалдыра салған. Осылайша, ол әлгі ұмыт қалған билетінің арқасында 50 мың доллар (26 миллион теңгеден астам) ұтып алған.
"Ұтқанымды түсінгенде қатты қуандым. Бұл – жеңістерімнің тек алғашқысы болады деп үміттенемін", – деді жеңімпаз.
Америкалық азамат ұтып алған ақшасын қарыздарын төлеуге жұмсамақ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript