АҚШ-та жекеменшік үйлердің маңындағы жолға құпия күмбез құлап түсті

UPI агенттігінің мәліметінше, бұл оқиға күшті дауылдан кейін орын алған.
"Біздің тротуар туристік нысанға айналып кетті", – дейді тұрғын Сэнди Джонс.
Кейбір адамдар бұл күмбез спутниктік антенналар мен басқа да құрылғыларды ауа райының қолайсыздығынан қорғауға арналған құрылым болуы мүмкін деп болжады.
Ал арада көп уақыт өтпей, күмбезге жақын маңда бұрынғы Raytheon зауытының аумағында орналасқан V2X Technology компаниясы бар екені анықталды. Компания өкілдері бұл нысан шынымен өздеріне тиесілі екенін растады. Олардың айтуынша, күмбез компанияның антенналарын қорғау үшін қолданылған.
Алайда, компания қызметкерлері де, қалалық билік те дауыл бұл ауыр құрылымды бастапқы орнынан көшіріп, көрші көшеге қалай әкеліп тастағанын түсіндіре алмады.
Қазіргі уақытта бұл зат сол күйі жолда жатыр және қала тұрғындары мен туристердің қызығушылығын тудыруда.
🇺🇸🌪️🛸🧭A massive white sphere stunned Indianapolis residents after tumbling from the sky during a June 19 thunderstorm with 65 mph gusts. The object, about the size of a shed, landed near 19th & Pasadena Streets. Locals feared it was a satellite or UFO—but it turned out to be a… pic.twitter.com/M8wC6hWop6
— GoodMorningRooster (@RoosterGM) June 20, 2025
Бұған дейін Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы болғандығы хабарланған болатын.