Қостанай облысында дауыл соғып, үйлердің шатыры құлап, ағаштар опырылып түсті. Оқушылар қашықтан оқуға көшті
Сурет: Instagram/alau.tv
Желіде тұрғындар опырылып түскен ағаштардың бейнелерімен бөлісуде. Көпқабатты үйлердің ауласы мен автотұрақтарда құлаған ағаштар көліктерді басып қалған. Мұнымен қоса, жарнамалық баннерлер жұлынып, тұрғын үйдің бірінің шатыры ұшып кеткен.

Сурет: Instagram/ng.kz
Бірқатар аудан мен облыс орталығында бірінші ауысымдағы оқушылар сағат 10:00-ден кейін қашықтан оқуға жіберілді.
Білім басқармасының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде екінші ауысымдағы оқушыларды да қашықтан оқыту форматына ауыстырды. Мамандар желдің жылдамдығы қазір 20 м/с дейін жететінін атап өтуде.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жел күшейген кезде тұрғындар келесі қауіпсіздік шараларын қабылдауы керек екенін ескертті:
- өте мұқият болыңыздар, әлсіз бекітілген және ескірген құрылымдарға, қараусыз қалған ғимараттарға, ағаштарға, электр беру желілеріне жақындамаңыздар;
- егер Сізді көшеде қатты жел астында қалып қойсаңыз, жерасты өткелдеріне немесе ғимараттардың кіреберістеріне тығылуға кеңес береміз;
- үй қабырғаларының жанында қатты желден жасырыңбаңыздар, өйткені шифер және басқа шатыр материалдары шатырлардан құлап кетуі мүмкін;
- көлік тұрағына және құрылымдар мен ағаштардың, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың шатырларының жанында болудан аулақ болыңыздар.
Кабельдер үзілген жағдайда, құрылымдар құлаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.

Сурет: Instagram/alau.tv
Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер мен төтенше жағдайлар қызметі зардаптарды жою жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, ТЖД желі арқылы азаматтарды сақ болуға және ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты бақылауға шақырады.