Израильді "Евровидение" байқауынан шеттетуі мүмкін

Израильді "Евровидение" байқауынан шеттетуі мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2025 12:20 Сурет: pexels
Келесі аптада Еуропалық хабар тарату одағы Израильді "Евровидение" музыкалық байқауынан шеттету туралы ұсынысты талқылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Young European Greens мәліметінше, Еуропаның бірнеше елі Газа секторындағы оқиғаларға байланысты Израильді 2025 жылғы "Евровидение" байқауына қатыстырмауды талап еткен. Бұл елдердің қатарында Словения, Финляндия, Нидерланды, Испания және Исландия бар.

Мамыр айында, Базельде өтетін байқау қарсаңында, Ирландияның телерадиокорпорациясы Еуропалық хабар тарату одағынан Израильдің қатысу мәселесі ұйым мүшелері арасында кеңінен талқыланатыны жөнінде уәде алған.

Бүгін исландиялық БАҚ екі ай бұрын өткен RÚV (Исландия телерадиокорпорациясы) кеңесінің отырысының хаттамасын жариялады. Хаттамаға сәйкес, Израильдің "Евровидениеге" қатысу мәселесі 3 шілдеде Лондонда өтетін Еуропалық хабар тарату одағының Бас ассамблеясында қаралады.

Бұған дейін АҚШ-тың Қытаймен сауда келісіміне қол қойғандығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: